18:45, 07 Қазан 2016 | GMT +5
Қазақстанда демалыс күндері алабұлтты болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы тәуліктерде Қазақстанның барлық аймағы дерлік жоғары атмосфера қысымының ықпалында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып,

Ауа райы алабұлтты болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарды қоспағанда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, яғни 2-7ºС болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа райы нормадан 1-3ºС төмен болады. Алайда, Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжыған атмосфералық ағымдар жексенбі күні еліміздің батыс, солтүстік және орталық облыстарында соңы қарға ұласатын жауынның жаууына себепші болады. Жауын дүйсенбіге күні де жауады.
Республиканың солтүстігі мен орталығында түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында алдағы үш тәулікте ауа райы жылы әрі жауын шашынсыз болады.