Қазақстанда девальвация шарасын дәл қазіргі уақытта жүргізу нағыз дұрыс шешім болып отыр ? Ұлттық банк төрағасы

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазақстанда девальвация шарасын дәл қазіргі уақытта жүргізу нағыз дұрыс шешім болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының отырысында ҚР Ұлттық банкі Төрағасы Григорий Марченко мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Теңгенің девальвациясына қатысты көптеген сындар айтылып жатыр. Оның ішінде бұл шараны басқа уақытта, немесе біртіндеп жүргізу қажеттігі туралы пікірлер де бар. Бірақ теориялық көзқарасқа сүйенсек, девальвацияны өткен жылдың қазан айында негізгі экспорттық тауарлар бағасының бірден төмендеген тұсында бастау керек еді. Тағы бір екінші нұсқа бойынша девальвация Ресеймен бірлесе жылжып отыруы тиіс болатын. Бірақ, бір-бірімізді кіналау болмауы үшін, немесе белгілі бір шектеулі ғана топтың адамдары алдағы теңге девальвациясынан хабардар болып, тиісті қаржы операцияларын жасап үлгермеуі үшін, соның нәтижесінде халық бұндай шаруаны білмей қалмауы үшін теңге девальвациясын дәл қазіргі уақытта жүргізген орынды болды және бұл нақты дұрыс шешім болып табылады», деді Г. Марченко.
Соңғы жаңалықтар