Қазақстанда донорлық ағза кезегінде қанша адам тұр

«Тұжырымдамада азаматтың (әлеуетті донордың) өзі қайтыс болғаннан кейін донор болуына көзі тірісінде келісім беруін, яғни ағза донорлығын жетілдіру және дамыту қарастырылған.
2022 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша күту парағында ағза трансплантациясын қажет ететін 3 562 пациент, оның ішінде 77 бала (3 208 пациент – бүйрек, 179 пайиент – бауыр, 153 пациент – жүрек, 16 пациент – өкпе және 6 пациент өкпе-жүрек кешендерін) трансплантацияны қажет етеді.
Денсаулық сақтаудың трансплантация саласында заманауи медициналық инновациялық технологиялар дамыған, дайындалған мамандар бар. Дегенмен, донор органдарының жетіспеушілігіне байланысты пациенттер трансплантация кезегін жылдар бойы күтеді немесе оны күтпей көз жұмады.
Ұсынылып отырған түзету донорлық пулды ұлғайтуға және ҚР азаматтарының ағза және тіндер трансплантациясына қол жеткізуіне ықпал етеді, органдарды сатып алу - сату тәуекелін барынша азайтады», - деп көрсетілген құжатта.
Сонымен қатар ведомство медицина қызметкерлерінің қауіпсіздік мәселесін шешуді ұсынды. Министрлік ақпаратына сәйкес, соңғы уақытарда дәрігерлерге науқастар тарапынан шабуыл жасау, мамандардың ар-намысын аяқасты ету фактілері жиілеген.