Қазақстанда екі облыста жолдар жабық күйінде қалып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында жолдар жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.
None
None

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім шектелуі) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының (0-258-ші шақырымдар, Қандыағаш қаласы-Шалқар қаласы) учаскесінде жол жабық. Қозғалыстың шектелуі автокөліктің барлық түрлеріне қатысты.

Сонымен бірге, Ақтөбе қаласындағы «Солтүстік айналма» автожолы жабық (0-39-шы шақырымдар).

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім нашарлауы) «Үшарал-Достық» автожолының учаскесінде (83-184-ші шақырымдар, Көктұма стансасы-Достық стансасы) көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

Соңғы жаңалықтар