Қазақстанда ЭКСПО-2017 және Бүкіләлемдік Универсиада салынып жатқан нысандарын күзету күшейтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне және Алматыда 28-ші қысқы Бүкіләлемдік универсиада-2017-ге әзірлік және өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды жасау үшін үкіметаралық комиссия отырысын өткізді.
None
None

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс қорытындысымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына, Астана және Алматы әкімдіктеріне, құқық қорғау органдарына ЭКСПО мен Универсиаданың салынып жатқан нысандарын күзетуді күшейту, фото- және бейнетіркеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, периметрлерін бақылау жабдықтарымен және арнайы инженерлік-техникалық байланыс құралдарымен жарақтандыру тапсырылды.

Сонымен бірге, ЕХРО және Универсиада құрылысы нысандарына қызмет көрсетуге тартылған күзет ұйымдарының қызметкерлерін оқыту және жарақтандыру шараларын алу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар