Қазақстанда ел халқының денсаулық жағдайы туралы статистикалық жинақ жарық көреді

АСТАНА. KAZINFORM — Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстан Республикасы халқының денсаулық жағдайының, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының 2023-2024 жылдардағы қызметінің негізгі көрсеткіштерін көрсететін жаңа статистикалық жинақты ұсынды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанда ел халқының денсаулық жағдайы туралы статистикалық жинақ жарық көреді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

 Жинақ статистикалық мәліметтердің кең спектрін қамтиды:

* мемлекеттік, жеке және ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдары бойынша ақпарат,

* қалалық және ауылдық денсаулық сақтау деректері,

* өңірлер, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының арасындағы салыстырмалы талдау,

* басқа елдердің деректерімен салыстырылатын жеке көрсеткіштер.

20 тақырыптық бөлім денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттарды қамтиды, медициналық көмектің әртүрлі деңгейлері мен бағыттары бойынша кешенді көріністі қамтамасыз етеді.

— Жинақ денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мен әкімшілерге, медициналық ұйымдардың мамандарына, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын сарапшыларға, сондай-ақ лицензиарлар мен медициналық қызметті реттеушілерге бағдарланған, —делінген хабарламада.

Барлық есептеулер мен қорытындылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК дайындаған бекітілген жылдық есептік нысандар негізінде орындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар