14:08, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 87,4 млрд. киловатт/сағат көлемінде болады
ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда энергия жүйесінде биыл электр энергиясын тұтыну 87,4 млрд. киловатт/сағат көлемінде болады.
Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.
Атап айтқанда, электр энергиясын өндіру 86 млрд. киловатт/сағатты құрамақ. Бүгінде еліміздің энергия жүйесінде 415 мегаватт жаңа энергия қуаттары іске қосылды. Жыл соңына дейін Мойнақ стансасының, 120 мегаватт турбинасымен Қарағанды үшінші жылу электр стансасының және 65 мегаватт Павлодардың үшінші жылуы электр стансасының іске қосылуын ескергенде, еліміздегі жиынтық қуаттылық 900 мың мегаватты құрамақ.
Б. Жақсалиевтің сөзіне қарағанда, еліміздің энергия көздері отын қоймаларында 3,9 млн. тоннадан астам көмір және 123 мың тонна мазут дайындалды.