14:14, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстанда электромобильдер кедендік баж салығынан босатылуы мүмкін
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Үкімет электромобильдерді кедендік баж салығынан толығымен босату мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл туралы бүгін «Astana International Auto Salon - 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесінің ашылу салтанатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
«Электромобильдерді кедендік баж салығынан толығымен босату қажет. Бүгінде ел Үкіметі осы идеяны жан-жақты қарастырып жатыр», - деп атап көрсетті вице-министр. Оның айтуынша, бұл бастама Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жұмысымен үндеседі.
Айта кеткен жөн, бүгін Астанада ашылған «Astana International Auto Salon - 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесі аясында Қазақстанда алғаш рет i-MiEV (MitsubishiInnovative Electric Vehicle) үлгісінде экологиялық таза және шусыз инновациялық электромобильдің ресми таныстырылымы болды.