Қазақстанда электрондық коммерция нарығы 2011 жылы 133 млн. долларды құрады

АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда  2011 жылы онлайн билет сату нарығы 95,5 миллион доллар болды. Бұл туралы бүгін Алматыда «Chocolife.me» компаниясының 1 жылдығына арналған алқалы жиын барысында сөз болды.
None
None

«Қазақстанда былтыр электрондық коммерция нарығы 133 миллион доллар болды. Оның - 95,5 миллионы онлайн билет сату;  17,4 миллионы тұрмыстық және электрондық техникалар; 6 миллионы киім-кешек пен аяқ киім; 2 миллионы жиһаз бен үйге арналған тауарлар; 1,6 миллионы кітаптар; 1,5 миллионы азық-түлік; 1,4 миллионы купондық сервис; 0,45 миллионы балаларға арналған тауарлар; 0,2 миллионы спорттық тауарлар. Ондағы маржиналдық кітап,  купондық сервис пен  балаларға арналған тауарлар да жоғары. Киім-кешек пен аяқ киімде, спорттық және азық-түлік тауарларында  орташа: Тұрмыстық және электрондық тауарларда, жиһаз бен үйге арналған тауарларда төмен, ал  билеттерде өте төмен», - дейді  «Chocolife.me» компаниясының қаржы директоры Әнуар Бакиев.

Оның айтуынша, тұрмыстық және электрондық тауарларда, билеттерде  онлайн үлесі 15, өсім әлеуеті 30 пайыз. Бұл кітаптарда 3 және 10 пайызды, жиһаз және үйге арналған тауарларда 1,5 пен 50 пайызды құрайды. Купондық сервисте онлайн үлесі 100 пайыз болса, өсім әлеуеті бұдан 10 есе жоғары. Ал киім-кешек пен аяқ киімде, балаларға арналған, спорттық және азық-түлік тауарларында   онлайн үлесі 1 пайыздан төмен.  Бірақ өсім әлеуеті өз ретіне қарай 50, 70, 100 және 30 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар