Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталады. Бұл туралы бүгін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-інде аяқталады. Өткен жылғы тіркеу науқанында емхана таңдау мүмкіншілігін пайдаланған қазақстандықтардың саны 300 мыңнан асқан болатын. Бұл алдыңғы жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе көп. Бұған қоса, тіркеу науқанына деген қызығушылықтың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес емхананы еркін таңдау құқығы жайлы білетіндігін көрсетеді», - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай науқанды өткізудің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, тұрғындарға қазіргі уақытта қаралып жүрген емханасынан басқа медициналық мекемені таңдауына мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар медциналық қызмет көрсету нарығына жаңадан қосылған ұйымдарға алдағы жылы халыққа қызмет көрсету тапсырысын алуға жағдай жасайды.

«Ол үшін біздің әлеуетті жеткізушілеріміз заңнамамен белгіленген талаптарға сай болуы тиіс. Оның ішіндегі ең бастысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түзетін жеткізушілер базасында және белгілі бір тікркелген тұрғындары болуы қажет», - деді Ботагөз Жақселекова.

Соңғы жаңалықтар
telegram