Қазақстанда ең көп тұратын ұлттар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – 20,5 миллионнан астам қазақстандық 1 мамыр мерекесін татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді. 

Қазақстанда ең көп тұратын ұлттар белгілі болды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адам.

Жыл басында елдегі ең көп ұлт

Қазақтар – 14 664 202 2. 

Орыстар – 2 943 022 3.

Өзбектер – 695 557 4.

Украиндар – 367 547 5.

Ұйғырлар – 309 164 6.

Немістер – 222 890 7.

Татарлар – 218 361 8.

Әзірбайжандар – 157 568 9.

Кәрістер – 120 821 10.

Түріктер – 93 234 11.

Дүнгендер – 88 165 12.

Беларустар – 73 788 13.

Тәжіктер – 61 307 14.

Күрдтер – 52 077 15.

Қырғыздар – 41 459.

Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.

Айта кетелік Қазақстанда демография бойынша алғашқы Ұлттық баяндама әзірленетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар