Қазақстанда ең жиі пайдаланылатын топ-3 жәрдемақы қандай

АСТАНА. KAZINFORM — «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» жылдың басынан бері ең жиі рәсімделген жәрдемақылардың тізімін жариялады.  

жәрдемақы
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Корпорацияның мәліметінше, Қазақстанда әр азамат туғаннан бастап 42 түрлі мемлекеттік төлем түріне қол жеткізе алады. Бұл төлемдер отбасыларды қолдаудан бастап, өмірдің әртүрлі кезеңдерінде көрсетілетін көмек түрлерін қамтиды. 

Биыл жыл басынан бері көп рәсімделген топ-3 жәрдемақыға мыналар жатады:

  • Жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау — 79 797
  • Бала тууына және күтіміне байланысты жәрдемақы — 50 396
  • 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (жұмыс істемейтіндерге) — 40 283

Еске сала кетейік, елде жәрдемақы мен төлемдер бойынша қандай өзгеріс болғанын мына сілтемеден оқи аласыз.

Ал былтыр қазақстандықтарға 746 млрд теңгеге жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төленіпті.

Соңғы жаңалықтар