Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Кешенді жоспары әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының №187 конвенциясын жүзеге асыру бойынша Кешенді жоспар әзірленуде. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің кеңейтілген біріккен отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дәулет Арғандықов мәлім етті.
None
None

«2014 жылдың аяғында «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясы (187-конвенция) ратификацияланды. Оған сәйкес әрбір жұмыс орнында мамандық тәуекелдерін басқару жүйесін енгізу үшін тиісті жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс. Аталған конвенцияны жүзеге асыру бойынша министрлік тиісті мемлекеттік органдармен және әлеуметтік серіктестермен бірлесе қазіргі кезде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеуде», - деді Д. Арғандықов.

Аталған жоспарда үздік әлемдік тәжірибемен үйлескен нормативтік актілердің жүйесін құру, еңбек жағдайын бағалаудың жүйесін жетілдіру, еңбекті қорғау саласында ғылыми инфрақұрылымды дамыту және өзге де маңызды қадамдар ескерілген.

Вице-министрдің пайымынша, жоспар аясында аталған шараларды іске асыру зиянды жағдайдағы жұмыс орындары мен еңбек жарақатын кезең-кезеңмен қысқартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар