Қазақстанда энергия үнемдеуге арналған республикалық акция басталды

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Республика бойынша «Тиімді меншік иесі» («Эффективный собственник») және энергия үнемдеу - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты нәтижелі жаңғыртудың негізі» атты акция басталды.
None
None

Акция аясында бүгін Астанада «Көппәтерлі үйлерді кәсіби басқару - энергия үнемдеудің кілті» тақырыбында республикалық конференция өтті. Онда көппәтерлі тұрғын үйдің «тиімді меншік иесін» қалыптастыру, елімізде энергия үнемдеу жүйесін жетілдіру және осы салада қызмет көрсету компанияларының нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Сарапшы мамандардың айтуынша, отандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенін реформалау жұмысы тұрғындар, басқарушы компаниялар мен қызмет көрсету ұйымдары арасындағы әріптестік қарым-қатынастан басталуы тиіс. Оның негізінде үйлерді басқарудың тиімді жүйесі қалыптасады. Осы орайда «тиімді меншік иесі» тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық кешенін реформалау жұмысында маңызды рөл атқарады. Себебі ол ғана өз жағдайын жақсартудың нақты талаптарын қойып, басқарушы және қызмет көрсету компаниялар нарығын дамытуға өз септігін тигізе алады.

Айта кетейік, «Тиімді меншік иесі» («Эффективный собственник») және энергия үнемдеу - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты нәтижелі жаңғыртудың негізі» республикалық акциясы «Нұр Отан» ХДП-сы, Қазақстанның азаматтық альянсы, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы, Қазақстанның басқарушы және қызмет көрсету компанияларының қауымдастығы, ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс істері агенттігінің бастамасымен өтіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар