Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалар болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар 147 396 балалар мен жәсөспірімдер тіркелген, ол өткен жылмен салыстырғанда үш мыңға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламалар болады

Бүгінгі таңда ҚР БҒМ Ұлттық түзеу педагогикасының ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекшісі Ғалия Абаеваның айтуынша соңғы екі жылда ерекше оқыту қажеттіліктері бар балаларды біліммен қамту ұлғайған екен. Осылайша, ерте жастағы балаларды біліммен қамтамасыз ету 64%-ға, мектеп жасына дейінгі балалар - 78%, мектеп жасындағылар - 93,4% құраған. Және де шамамен 20 мың бала арнайы мектептерде оқып жатыр.

Ерекше оқу қажеттіліктері бар балаларды білім жүйесіне жұмылдыру үшін елімізде білім беру жағдайларын жасау қажет.

«Білім жағдайын құру - ол бірінші кезекте, оқу жоспарларының, бағдарламалар мен жетістіктерді бағалау жүйесінің нұсқалығы мен ыңғайлылығы. Бала орта білім беру ортасына келгенде, дарынды бала да, психикалық ауытқуы бары да, орташа статистикалық мүмкіндігі бар бала да бір бағдарламамен оқуы тиіс емес. Сондықтан бағдарламалардың нұсқалығы және икемділігін қамтамасыз ету қажет», - деді Ғалия Абаева.

Ол үшін «Білім туралы» заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр, оларға сай білім бағдарламасы түрлерінің анықтамасы жазылатын болады - барлық оқушылар үшін жалпы білім беру оқу бағдарламасы, дарынды балалар үшін арнайы оқу бағдарламасы, даму мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, сөйлеу және т.б. мүмкіндігі шектеулі) оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен психофизикалық ерекшеліктері ескерілген мемлекеттік стандарт негізінде құрылған бейімделген оқу бағдарламалары және мемлекеттік стандарттарды орындауға бейімделмеген ойлау қабілеті шектеулі оқушыларға арналған арнайы оқу бағдарламалары. 

Бұған қоса, сарапшылардың айтуынша, мектептерді материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтаумен айналысқан да маңызды. Осылайша, білім және ғылым министрлігінің қадағалауымен зағип балаларға арналған Брайль әдісі бойынша оқулықтар және көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ірі шрифтермен жазылған кітаптар шығарыла бастады, сондай-ақ ойлау қабілеті шектеулі балаларға арналған оқулықтар да әзірленді.

Білім саласында инклюзияны дамытудағы маңызды мәселердің бірі - білікті мамандармен қамтамасыз ету.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, 2018 жылы Қазақстанның әр аймағында инклюзивті білім бойынша ресурс орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

«Әсіресе аудандарда дефектологтар қатты жетіспейді. Сәйкесінше дәрігерлер де тапшы. Сондықтан кадрларды дайындау және қажетті көлемде мемлекеттік тапсырыс бөлу мәселесі тұр», - дейді Аймағамбетов. Осылайша, дефектолог-мұғалімдердің бакалавриат бойынша оқуына биылғы жылы 400 грант, магистратураға - 100 грант, докторантураға - 30 грант бөлінген.
null

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, жоғарғы оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлау кезінде инклюзия бойынша элективті курс бағдарламасы өзгертілетін болады.

«Біз инклюзия туралы айтқанда, көбінесе барлығын материалды-техникалық заттарға, пандустарға және т.б. көңіл бөлеміз. Бірақ шын мәніне келер болсақ, егер бізде пандустар мен кедергісіз орта 100% жасалса да, білім бағдарламаларымен байланысты, оқушылармен өздерінің жұмысын басқаша құрып, түрлі деңгейде бағалауға, қабылдауға, жұмыс істеуге дайын ба жоқ па, сонымен байланысты проблемаларға тап боламыз. Міне, осы жұмыстар анағұрлым күрделірек. Осы ретте біз бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында оқып жатқан әріптестеріміз дайын, білікті болып шыққанын қалаймыз», - деді вице-министр. 

Жалпы отырыс қорытындысы бойынша талқылауға қатысушалыр кең ауқымда мәселелерді қарастырып, Қазақстандағы инклюзивті білімді дамыту бойынша пікір алмаса алды.