Қазақстанда есірткіге тәуелді азаматтардың саны азайды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда есірткіге тәуелді азаматтардың саны азайды. Соңғы бес жылда олардың саны 26% төмендеген. Бұл туралы бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес құзыретті органдары басшылары кеңесінің отырысында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Бейсеев мәлім етті.
None
None

Отырыс барысында сан салалы мәселелер қаралды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын 2014 жылы одан әрі іске асыру жөніндегі тараптардың ұсыныстары талқыланған болатын.

«Қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігін сипаттайтын маңызды фактор Қазақстанның есірткіге тәуелді азаматтарының санын тұрақтандыру ғана емес оны қысқарту мәселесін де қарау қажет. Соңғы бес жылда олардың саны 26% ( 54669-дан 40224-ке дейін) төмендеді. Есірткі тұтынушылардың жас шамаларының «кәртаюы» бастапқы профилактика бойынша жүргізіліп жатқан жұмыста қол жеткен маңызды жетістік деп атауға болады. Кәмелетке толмағандар саны 64% ( 723-тен 263-ке ден) төмендеді. Бұл дұрыс басымдықтарды және жастарымыздың бойында құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жүргізіп отырған біздің жұмысымыздың тиімділігін көрсетеді»,- деп атап өтті отырысқа төрағалық еткен Б.Бейсеев.

Сондай-ақ, ол сөзінде осы кездесудің өзектілігі нашақорлық профилактикасы рөлінің есірткі қылмысының төмендеуіне әкелетінін атап көрсетті.

Осы отырыста қол жеткізілген уағдаластықтар, қабылданған шешімдер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде есірткіге қарсы сұранысты төмендетудің тиімді кешендік жүйесін қалыптастыру мақсатында құзыретті органдардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмысын үйлестірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге және нашақорлықтың алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар