Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет 2024 жылдың 11 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулыны бекітті.

ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің құрылымында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.

Демек, ендігі уақытта министрліктің құрамына 5 ведомство кіреді.

Олар мыналар:

  1. ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы;
  2. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті;
  3. Әкімшілік полиция комитеті;
  4. Көші-қон қызметі комитеті;
  5. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.

Iшкi iстер министрлiгiнің құрылымындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін құру есірткіге қарсы қызметтің негізгі бағыттары бойынша функцияларды сапалы деңгейде орындауға, есірткінің қауіп-қатеріне қарсы іс-қимылдан тұратын ұйымдастырушылық бөлігін мемлекетті деңгейде жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар