Қазақстанда Еуропалық иммунизациялау апталығы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Еуропалық иммунизациялау апталығы өтеді, деп хабарлайды Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының баспасөз қызметінен.
None
None

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 22-26 сәуір аралығында Қазақстанда тоғызыншы Еуропалық иммунизациялау апталығы өтеді», - деп жазылған баспасөз парағында.

Аталған шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жүргізілуде. Шараның мақсаты - халықты иммунизациялаудың маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру және әр түрлі вакциналармен толыққанды егілуді қамтамасыз ету. ДДҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын иммунизациялау әлемде 3 млн-нан астам адамның өмірін құтқаратын көрінеді. Орталықта хабарлағандай, Еуропалық иммунизациялау апталығы биылғы жылы басты бағыттары халықтың иммунопрофилактикаға сеніммен қарауды қалыптастыру, оның қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру, т.б. болып табылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум