Қазақстанда фаармацевтика саласында қандай ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда жергіліктендіруді дамыту және технологиялар трансферті аясында жетекші халықаралық фармацевтикалық компаниялардың қатысуымен контрактілік өндіріс бойынша үш ірі жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС төрағасы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз алаңында хабарлады.
Атап айтқанда, PFIZER компаниясымен әріптестік шеңберінде «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС базасында пневмококк инфекциясына қарсы Превенар-20 вакцинасының өндірісі жолға қойылды.
Сонымен қатар ROCHE компаниясымен бірлесіп, «Нобел АФФ» АҚ өндірістік алаңында әлемдік деңгейдегі онкологиялық үш дәрілік зат – Перьетта, Герцептин және Кадсила препараттарының өндірісі жолға қойылған.
Ал AstraZeneca компаниясымен ынтымақтастық аясында «Нобел АФФ» АҚ базасында созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қолданылатын Форсига (дапаглифлозин) дәрілік затының өндірісі іске асырылып жатыр.
Осыған дейін 2025 жылы дәрі-дәрмек сатып алудан 85 млрд теңгеден астам қаржы үнемделгені туралы жаздық.