Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Газ желілерін қысқы кезеңге дайындау 91%-ға орындалды - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM –Энергетика министрлігі 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын-энергетика кешені нысандарын дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

газ
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге газ шаруашылығын кешенді дайындауды жалғастыру үстінде. Компанияның жауапкершілік аймағында 77 мың км газ тарату желісі, сондай-ақ оларда орналасқан газ шаруашылығының нысандары мен құрылыстары бар. Бүгінде дайындықтың жалпы деңгейі 91%-ды құрайды.

Жазғы кезеңде «QazaqGaz Aimaq» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ, коммуналдық қызметтермен, өңірлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларымен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп, тұтынушыларды сенімді, қауіпсіз және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізіп жатыр.

газ
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Жылыту кезеңіне дайындық аясында реттеу және профилактикалық жұмыстар орындалуда. Бүгінде:

· ГРП және ГРПБ-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары 92%-ға орындалды;

· ГРПШ және ШРП-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

· электрохимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

· газ құбырларына аспаптық тексеру – 96%;

· ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету – 84%.

Биыл QazaqGaz Aimaq» газ қысымының төмендеу себептерін жоюға және газ тарату желілерінде апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған қосымша іс-шараларды да іске асырып жатыр.

газ
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Барлығы 227 осындай іс-шара көзделген, оның 206-сы немесе 91%-ы орындалды. Атап айтқанда:

· газ құбырларын сақиналау – 93%;

· қосымша ШГРП орнату – 90%;

· ШГРП-дағы қысым реттегіштерін ауыстыру – 90%;

· газ құбырларының диаметрін ұлғайту – 89%.

Газ шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындауға 6 306 өндірістік персонал қызметкері тартылды. Компанияның қызмет көрсетуінде 287 360 ГРП, ПГБ және ШГРП бірлігі бар.

-Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар қысқы жүктемелердің ең жоғары кезеңінде тұтынушыларды тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған,-делінген хабарламада.

Осыған дейін жылыту маусымына дайындық деңгейі 57%-ға жеткенін жаздық.