Қазақстанда геологиялық барлау саласында шағын компаниялар нарығы құрылады
«Жаңа кен орындарын барлау кезеңінде де, одан кейінгі жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерінде де инвестициялық климатты дамыту мақсатында Қазақстанда Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы Кодекстің тұжырымдамасын өңдеу басталды. Онда зерттеу құқығы «кім бірінші келді - сол алды» принципі бойынша беріледі. Мұндай принцип шағын компанияларды дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Дәл осындай компаниялар әлемде 40 пайыздан астам жаңа кен орындарын ашады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауларын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев. Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы Кодекстің жаңа тұжырымдамасын әзірлеушілердің пікірінше, ол осы салаға тікелей инвестицияларды тартып, геологиялық барлау жұмыстарында ең заманауи әлемдік стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.