Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарының жаңа тұжырымдамасы қабылданады - С. Ахметов

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, қабылданады. Бүгін Астанада өтіп жатқан 3-ші тау-кен металлургия конгресі барысында ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов осылай мәлім етті.
None
None

Сөз арасында вице-премьер Қазақстанда түрлі минералдық шикізаттың айтарлықтай қоры шоғырланғанын, соған орай елімізде темір, марганец, хром, түрлі-түсті металдар, қалайы кенін, титан мен алтын  өндіру мен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Бұдан бөлек, соңғы жылдары геологиялық барлау жұмыстарының ауқымы өндіруші ресурстарды толығымен жаба алмағаны байқалды. Сондықтан да, бағдарлама аясында мемлекет тарапынан кен орындарын игерумен қоса, геологиялық барлау жұмыстарын тиянақты ұйымдастыруға да көңіл бөлінетіні қарастырылуда. Бұл тау-кен металлургиялық өндірісті жаңа шикізатпен қамтуға мүмкіндік береді. Осы ретте мен Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарының жаңа тұжырымдамасын қабылдау табалдырығында тұрғанын айтқым келеді», - деді Серік Ахметов.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдама ең соңғы технологияларға негізделіп жасалады. Сондай-ақ, бүгінгі күні Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігі қарастырып жатқан минералдық шикізатты база бойынша барлау әдістерін енгізу бағдарламалары геологиялық барлау тұжырымдамасының негізі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар