Қазақстанда ғылыми мақсаттар үшін сирек кездесетін балықтар мен Каспий итбалығын алу жоспарлануда

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының шектеулі санын алуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

итбалық
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Министріктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаға сәйкес каспий итбалығы, арал пілмайы, арал қаязы, сылан және каспий албыртын алу жатады. Бұл шара ғылыми зерттеулер жүргізуге және өсімін молайту іс-шараларына бағытталған.

Қаулы жобасы ғылыми ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Министрлік балықтарды алу қатаң шектеулі мөлшерде және уәкілетті органның бақылауымен жүзеге асырылатынын атап көрсетеді.

Қабылданған шаралар осы түрлердің таралымдарының жай-күйін зерттеуге және оларды сақтау мен қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі деп болжануда.

Осыған дейін оңтүстікте Қызыл кітапқа енген жануарлар траншеяға түсіп өліп жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар