Қазақстанда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың 210 ғылыми жобасы қаржыландырылған

Аталған шара Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Басқосуда жаңа қарулы қақтығыстардың көбеюі тәрізді қазіргі жаһанды алаңдататын үрдістердің бірін халықаралық күн тәртібіне көтеретін «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар жаппай қырып жою қаруын таратпау, халықаралық қауіпсіздік, әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты жаңа және нақты тетіктерді әзірлеу мәселелесіне назар аударды. Конференцияға Халықаралық ғылыми-техникалық орталық сарапшылары да қатысқан болатын. Аталған Орталық Еуропалық Одақ, Жапония, Ресей және АҚШ мемлекеттерінің арасындағы келісім негізінде 1992 жылдың қарашасында құрылған үкіметаралық мекеме болып табылады. Қазақстан Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен ынтымақтастық туралы келісімге 1995 жылы қосылған болатын. Ал 2015 жылы 9 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімге қол қойылды. Осыдан бастап Қазақстан қабылдаушы мемлекет мәртебесіне ие болып, штаб-пәтері Астанада орналасты.
Айта кетерлігі, ХҒТО шеңберінде жалпы құны 1 млрд доллардан астам 2 753 химиялық, биологияляқ, радиологиялық және ядролық зерттеулердегі қауіпсіздік, нанотехнологияларды қолдану арқылы энергия тиімділігі, денсаулық сақтау, ядролық полигондардың жұқтырған аймақтарына арналған шешімдер, уран шахталарының қалдықтарын пайдалану салаларындағы жобалар қаржыландырылған.
Сонымен ішінде, Орталық қолданған эәология және әлеуметтік денсаулық сақтау саласындағы жобалар Жапонияның Фукусима апатының зардабын жою барысында да кәдеге жарады. Ал Қазақстанда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметі аясында 80 млрд долларды құрайтын 210 ғылыми жоба қаржыландырылды.