Қазақстанда халықаралық IT-стартаптар паркі құрылады - Дәурен Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуниациялар министрі Дәурен Абаев «nFactorial Incubator Demo Day 2017» атты мобильді қосымшалардың фестиваліне қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Айтулы мерекемен барлықтарыңызды құттықтағым келді. Сіздер өмірлеріңізге әсер ететін үлкен курстан өттіңіздер. Алдағы уақытта біз сіздерге әріптес болып, жобаларыңызға қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл тұрғыда тиісті жағдай жасалатын болады», - деді Дәурен Абаев.

Министр өзі  басқарып отырған ведомство жас бағдарлама жасаушылардың жобасы жемісті болып жатса, оған барынша қолдау білдіруге әзір екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жасап, шығаруды жүктеді. Осы бағдарлама аясында халықаралық IT-стартаптар паркі құрылмақ. Өнімдеріңіз капитал әкелетіндей жағдайға жетуі  үшін жағдай жасалады. Бұл аса маңызды. «Amazon» алаңына минутына 200 мың АҚШ доллары жұмсалады екен. Демек, жобалар жемісін беруі керек», - деп түйді министр.

Еске сала кетсек, бүгін Астанадағы Назарбаев университетінде «nFactorial Incubator Demo Day 2017» мобильді қосымшалардың фестивалі өтіп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар