Қазақстанда халықтар достығы мен бірлігінің арқасында тұрақтылық сақталып отыр - Н.Назарбаев

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан тәуелсіздіктің 18 жылында халықтар бірлігі мен достығының арқасында тұрақтылықты сақтап келеді, деді бүгін Елбасы Н.Назарбаев Ақмола облысындағы Васильков кен байыту комбинатының ұжымымен болған кездесуде.
None
None

Елбасы, тұрақтылықтың арқасында Қазақстанның орнықты дамып келе жатқанын және барлық көрсеткіштер бойынша посткеңестік кеңістікте алдыңғы қатарларда келе жатқанын атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың Кеңес Одағының ыдырау дағдарысын, Азиялық дағдарысты бастан кешіргенін, ал қазір әлемдік жаһандық дағдарыс жағдайында өз экономикасын табысты дамытып отырғанын еске салды.

Президент, Еуропада, басқа да аймақтарда өндірістер жабылып, зейнетақылар мен жалақылар қысқартылып жатқанын, ал сондай кезеңде Қазақстанда жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашылып жатқанын атап көрсетті. Оған қоса, елімізде зейнетақы, дәрігерлер мен педагогтардың, бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің жалақылары көтерілгенін айтты.

Елбасы, барлық ұлттағы қазақстандықтардың достығы мен толеранттылығы үлкен жетістік пен байлық екенін атап өтті.

«Осының барлығын сақтаймыз және қазіргіден да үздік көрсеткіштерге қол жеткіземіз», - деді Елбасы Васильков комбинатының ұжымымен болған кездесуінде.

Соңғы жаңалықтар