Қазақстанда интернет сапасы нашар өңірлер белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде интернет сапасы нашар өңірлерді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, ең нашар интернет Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Қарағанды облысында ұсақ шоқылы жерлер бар, сондай-ақ оның бір бөлігі Ақтөбе облысын қамтыған.

«Бұл аумақтарда күрделі жер бедері болғандықтан, интернет тарту қиынға түседі. Дәл сондай мәселе Шығыс Қазақстан облысында да бар, бұл өңірде таулар арқылы интернет тартуда кедергілер болады», - деді А. Оразбек Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол бұл өңірлер мен шалғайдағы ауылдарға интернет геостационарлы емес спутник байланысы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл спутниктер сапалы интернетті шалғайдағы аудандарға жеткізе алады.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Осы орайда сапасыз интернет үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік айыппұлдардың мөлшерлерін ұлғайту арқылы байланыс операторларының жауаркершілігін күшейту ескерілген.


Соңғы жаңалықтар