Қазақстанда инвестиция тарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған - ISSMAT 2011 Еуразиялық саммиті

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда бүгінде инвестиция тарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
None
None

Елде бизнеске төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ», - дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Мемлекет басшысының «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Сәбит Қожаметов. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан ISSMAT 2011 Еуразиялық саммитінде айтты.

Арнайы өкілдің сөзінше, Қазақстан бизнеспен айналысқысы келген барлық азаматтарға қолдау көрсетеді. «Өткен жылы Қазақстандағы 170-тен астам кәсіпорындар индустрияландыруға жол ашты. Олардың бірі өзге кәсіпорындармен бірлескен жобаларды жүзеге асырса, енді бірі жеке өздерінің жобаларын жолға қойып отыр. Ең бастысы, елде осындай кәсіпорындар саны уақыт өткен сайын артып келеді»,-деді С.Қожаметов.

Оның сөзінше, Қызылорда да елдегі кәсіпкерлікті дамытуға үлкен үлес қосып отырған өңірлердің бірі. Себебі мұнда бизнесті дамытуға қажетті көптеген мүмкіндіктер бар. Нақтырақ айтқанда Қызылорда облысы бүгінде мұнайға да, газға да бай өлкелердің бірі. Мұнда сонымен қатар уран мен әйнек шығаруға қажетті ең таза кварцті құм, кальцийленген содаға қажетті заттар баршылық.

«Оның үстіне Қызылорда облысынан Батыс Қазақстанға дейінгі аймақты алып жатқан газ құбыры желісі өтеді. Бұған қоса аймақтың 835 шақырымынан өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жатыр. Осы жол бойындағы атқарылып жатқан жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде үкіметтің арнайы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Қызылорда облысында әлемде теңдесі жоқ «Байқоңыр» кешені бар. Бұл кешен аймағында бүгін туристік кластерді дамытуға қолайлы бағыттар өте көп»,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар