16:40, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қажет - З. Нүрпейісов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бизнесмендер мен халық үшін исламдық қаржыландыру бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында осы қауымдастық президентінің орынбасары Заратқазы Нүрпейісов мәлім етті.
«Осы бағытта Ислам қаржысын дамыту қауымдастығы ҚР Ұлттық банкімен бірлесе бизнесмендер мен халық арасында исламдық қаржыландыру бойынша білім беру бағытында бағдарлама әзірлеуде»,-деді ол. ҚР Президенті исламдық қаржылындыруды дамыту бойынша тиісті тапсырма бергенін еске салып өткен З. Нүрпейісов, 2020 жылға дейін ислам қаржысын дамыту тұрғысында қол қойылған карта бар екендігін атап өтті. «Алайда, Қазақстанда исламдық қаржылындыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жоқ. Бұл бағытқа қомақты қаржы қажеттілік етпейді»,-деді ол.