Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау 34,2 пайызға төмендеді

Оның сөзіне қарағанда, 2013 жылы Қазақстанда 3506 өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 292-сі кәмелет жасына толмағандар арасында болды. Ал 2014 жылы бұндай 3124 оқиға орын алса, соның 192-сі кәмелетке толмағандарға тиесілі.
«Мемлекеттік органдар қабылдаған шараларының нәтижесінде өзіне-өзі қол жұмсаудың азаюы 10,9 пайызды құраса, кәмелет жасына толмағандар арасында 34,2 пайызға кеміді», - деді А. Тастанова.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы директорының ғылыми және клиникалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Николай Негай өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырудың екі негізгі кезеңіне тоқталды.
Николай Негайдың мәлімдеуінше, 2016 жылы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қызылорда облысында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бағдарламаласын енгізу жоспарланып отыр. Ол ақпараттық, үйрететін және қауіп-қатер топтарын анықтайтын құрамдас бөліктерден тұрмақ.
Белгілі халықаралық сарапшылардың қатысуымен ЮНИСЕФ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы аймақтық әкімдікпен бірлескен түрде енгізетін кешенді бағдарламасы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтен сақтауға көмектеседі.