Қазақстанда қандай автобөлшектер шығарылады

автомобиль
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде автокөлік құралдарына арналған автокомпоненттер мен қосалқы бөлшектер өндірісі локализацияланған. Бұл туралы Автомобиль нарығын мониторингілеу және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарян айтып берді.

«Қазақстандық авто нарықты қосалқы бөлшектер мен автокомпоненттерді дамыту алаңы ретінде қарастыратын көптеген өндірушілер мен компаниялар бар», - деді Артур Мискарян елордада өтіп жатқан «Automechanika Astana» көрмесінде. 

Автобөлшектер
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сарапшының айтуынша, Қазақстанда көлік құралдарына арналған автокомпоненттер мен қосалқы бөлшектер өндірісі локализацияланған. Атап айтқанда, ауа және май сүзгілері, батареялар, сору жүйелері, бамперлер, полиуретанды төсеніштер және пластикалық бөлшектер, медиа, орындықтар, дискілер, шиналар, цилиндр бастары, механикалық редукторлар тағы сол сияқты. 

Автобөлшектер
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сонымен қатар, отандық өндірістің автокомпоненттері қазақстандық зауыттарда жаңа көлік құралдарына орнатылады. 

автобөлшек
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұған дейін жеңіл авто көлік сарапшысы Қазақстанда Қытай автомобильдері импортының артуына қатысты пікір білдірді. 

Айта кетейік, елордада «Automechanika Astana» атты халықаралық автокөрме өтіп жатыр. Ол автомобиль өнеркәсібінің, дилерлік орталықтардың, қызмет көрсету және жөндеу сегменттерінің өкілдерін біріктіретін халықаралық платформа. 

Үш күнге (17-19 сәуір) созылатын автокөрмеге 20 елден автокомпания мен оның өкілдері қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар