Қазақстанда қандай банкнот ескірген

АСТАНА. KAZINFORM— Ұлттық банктің 2024 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен ҚР Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлем қабілеттілігін айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тенге
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Құжатқа сәйкес келесідей зақымданған банкноттар ескі банкнот болып саналады:

  • бояғыш зат төгілген;
  • бөтен жазулары бар, соның ішінде: ультракүлгін сәуледе көрінетін арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;
  • машинада оқылатын белгілері бар;
  • желімделген немесе бір банкнотқа жататын желімделмеген бөліктері және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің кемінде 70 %-ын құрайтын жыртылған банкноттар;
  • бұрышынан немесе шетінен банкноттың жалпы көлемінің 1%-дан астамы жоғалған, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің кемінде 70%-ы сақталмаған банкноттар;
  • жыртылған, мөлдір таспамен желімделген банкноттар;
  • өтелгенін куәландыратын жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан да көп миллиметр тесіктері немесе саңылаулары бар банкноттар;
  • банкноттың суретін жоғалтатын сызаттардың болуы;
  • банкнот суретінің көрінбеуіне әкелетін алдыңғы немесе артқы беті ластанған банкноттар;
  • ластану дегеніміз - шаң, кір, май және басқа ластаушы заттардың болуына байланысты банкноттың бетінің қараңғылануымен сипатталатын банкноттың жағдайы;
  • қағазы қаттылығын жоғалтқан банкноттар;
  • банкноттарды сақтауға және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда қолданылатын арнайы бояулармен боялған;
  • Ұлттық банк белгілеген мөлшерден 50% және одан да көп пайызын жоғалтқан банкноттар, "ҮЛГІ", "ОБРАЗЕЦ", "SPECIMEN", "МУЛЯЖ" деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқа банкноттардың фрагменттері бар және тілімдері бар банкноттар төлемге жарамсыз.

Қаулы 2024 жылдың 30 шілдесінде күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар