Қазақстанда қандай маркалы және қандай түсті көліктер жиі апатқа ұшырайды?

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі жол апатына жиі ұшырайтын автокөліктерді атады. Тізімнің көш басында Тойота тұр, деп хабарлайды ktk.kz.
None
None

Одан кейінгі орындарда немістің Mercedes, Volkswagen және Аudi көліктері иеленеді. Бұлар да басқа маркалы машиналарға қарағанда көбірек апатқа түседі екен.

Жоғары жылдамдықпен жүйіткитін шетелдік көліктерден ресейлік ВАЗ да қалыспайды. Автокөлік маркаларының мұндай түрлерінің жиі апатқа ұшырауы бекер емес. Өйткені олар кең қолданыстағы көліктер. Әсіресе, Лада 800 мыңға жуық. Кейін Toyota, Volkswagen, Audi және Mercedes.

Көліктердің көбі ақ, қара және сұр түсті деген де қызықты ақпарат бар. Бір өкініштісі, автокөліктердің қандайы болмасын, апатқа ұшырағанда адам шығыны азаймай тұр. Тек жыл басынан бері мыңнан астам адам жол үстінде жан тапсырыпты.

Соңғы жаңалықтар