Қазақстанда қандай жолдар жабық

Осылайша, 11 қаңтар сағат 01:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жердің күшеюі, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) Астанада барлық бағытқа барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.
Ақмола облысында 11 қаңтар 08:30-дан бастап бұрқасынға байланысты Шідерті кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысында 11 қаңтар 11:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығы салдарынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) Павлодар облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін барлық көлік құралдарының жолға шығуына тыйым салынды.
Еске салайық, жолаушылар мен жүргізушілер мына нөмірлер арқылы республикалық маңызы бар жолдардағы өзгерістерді біле алады: +7 7172 444 777, +7 771 7444 777.
ҚР-дағы жол қозғалысының шектеулерін мына сілтемедегі картадан көре аласыздар.