Қазақстанда қант қызылшасын өсіру тиімді ме

«ҚазАқпарат» тілшісіне аталған палата жанындағы Агробіліктілік орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков қант қызылшасын өсіру фермерлерді қаншалықты қызықтырып отырғандығы туралы айтып берді.
Еске сала кетейік, отандық қант қызылшасынан өндірілген шекердің үлесі Қазақстанда тек 3 пайызды ғана құрайды, қалған 97 пайызы импортқа тиесілі. Сонымен бірге қанттың 55 пайызы Бразилия мен Кубадан жеткізілген құрақтан өндіріліп отыр.
«Бір кездері шынымен де үлкен проблема болды, алайда соңғы екі-үш жылда қант қызылшасы егістері мен осы бағыттағы өндірістерді арттыруға қызығушылық артып келеді. Бұған мемлекеттік қолдау шаралары елеулі ықпал етуде. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы жобасында да бұл бағытқа ерекше мән беріліп, қолдау шаралары кеңейтілді», - деді Рахымбеков.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қант қызылшасы егістіктері 12 мың гектарға жеткен. Ал 1992 жылы бұл дақылдың алқаптары 45 мың гектарды қамтаған еді.
«Фермерлік кәсіпкерліктің бір түрі екенін ескере отырып, бірінші кезекте тиімділікті назарға алуы тиіс. Осы ретте олар бүгінде сұраныс бар дақылдарды өсіруге бағыт алуы маңызды. Мәселен, қант қызылшасы егістігінен гектарынан 30 тонна өнім алуға болады, бұл өз кезегінде 510 мың теңгені құрайды. Жалпы көкөніс дақылдары бір гектардан 2 млн. теңгеге дейін өнім бере алады. Менің ойымша, осы тұрғыда шаруашылықтар табысты болуыға қауқарлы»,-деді ол.
Айта кетейік, семинарлар барысында қазақстандық фермерлерді негізінен өсімдік және мал шаруашылығындағы жаңа технологиялар қызықтарған көрінеді. Шаруашылықтар үшін біліктілікті жетілдіру шаралары Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындап берген 25 басымдықты бағыттар бойынша жүргізілді. Оның ішінде 13-і мал шаруашылығы, 12-сі өсімдік шаруашылығы тақырыптарын қамтыды. Осы ретте негізгі екпін ет, сүт өндіру нысандарын құру, қой шаруашылықтарын дамыту, сондай-ақ майлы дақылдарды, көкөністерді өсіруге қойылып отыр. Бұл семинарларға 25 шетелдік, 28 қазақстандық сарапшылар мен 120 дәріс оқушы білікті мамандар тартылды.