Қазақстанда қар мен жаңбыр жиілеп, тұман мен боран сирей бастаған

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаның 2023 жылғы ахуалы туралы ұлттық баяндаманы жариялады.

Осень дождь Күзгі жаңбыр
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- Кейінгі 17 жылда (2006-2023 жж.) 1990-2006 жылдардың аралығындағы кезеңмен салыстырғанда қалың қар 1,8 есе, бұршақ пен қатты жел 1,6 есе, қатты жаңбыр 1,4 есе өсті. Ал қатты тұман 43%-ға, қатты боран 19% азайды, - деп жазылған ұлттық баяндамада.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дерегі бойынша 2023 жылы ел аумағында тіркелген табиғи құбылыстар 2022 жылмен салыстырғанда 71-ге көп болған.

- «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығы республика аумағында ауа райының кенеттен өзгеруі және қауіпті табиғи метеорологиялық құбылыстар туралы 81 ескерту жасады.2023 жылы жылдамдығы 30 м/с көрсеткішінен асатын 146 қатты жел тіркелді. Ең жиі күшті желдер Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды, - деп жазады министрлік мамандары.

Солардың ішінде Жетісу облысында 36 сағат бойы 45 м/с жылдамдықпен соққан жел ең ұзақ құбылыс болып белгіленген.

- Мұндай желдің салдары электр қуатының өшуі, жолдың жабылуы, шатыр жабындарының жыртылуы, ағаш бұтақтарының сынуы, көліктердің зақымдануы, білім беру ұйымдарында сабақтың тоқтатылуына әкеліп соқты, - делінген құжатта.

Осыған дейін Астана-Талдықорған бағытындағы ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшпай қалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар