Қазақстанда карантин талабын сақтамаған нысан иелеріне 1 млрд теңге айыппұл салынған
Айта кетсек, бұған дейін Ерлан Қиясов өңір әкімдіктерінің жанында 1556 мониторинг тобы жұмыс жүргізіп жатқанын мәлім еткен еді. Карантин шараларын әлсіреткелі бері (17 тамыздан 8 желтоқсанға дейін) 53 489 рейд жасалып, 215 977 нысан тексерілген. 18 903 нысанның иелері тәртіп бұзған.
«Тәртіп бұзу фактілерінің көбі - Түркістан облысында (3 279), Алматы облысында (3 121), Қостанай облысында (1 758), ШҚО (1598), Алматы (1584) және Нұр-Сұлтан қаласында (1 341) тіркелді. Осы тәртіп бұзу фактілеріне байланысты 1 миллиард теңгенің 15 268 айыппұлы салынды. Одан бөлек, маска және әлеуметтік аралық режимін сақтамағаны, эпидемияға қарсы шараларды, жұмыс режимін сақтамай және бұқаралық шараларды өткізуге байланысты 1,3 млрд теңге айыппұл салынды», - деді Ерлан Қиясов.