Қазақстанда кәсіпкерлерді 61 меморган қадағалап отыр - Тимур Құлыбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпкерлерді 61 меморган қадағалап отыр. Бұл туралы бүгін "Кәсіпкерлік саласында прокуратура қадағалауы" атты форумда Қазақстанның "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.
None
None

Оның сөзі бойынша, ҰКП-на 12 мың кәсіпкер xабарласқан, олардың 4800 арызы оң шешімін тапты. Соның арқасында 33 млрд. теңге кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

"Біз санадық, елімізде кәсіпкерлерді қадағалайтын 61 мемлекеттік орган бар. Қадағалау және бақылау функцияларына ие 45 министрлік пен орталық деңгейдегі органдар мен 16 облыстық ведомство бар екен. Осы 61 органға қызмет көрсету үшін шағын және орта бизнестің қанша штат ұстау қажет екендігін түсінесіздер ме!? Кәсіпкер қадағалауы тиіс 8 мың позиция бар көрінеді. Біз бұл шаралар үлкен шығын келтіреді деп санаймыз", - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар