Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда 8 миллионнан асатын экономикалық жағынан белсенді халықтың 26-28 пайызы,
None
None

яғни 1,5 миллионы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл туралы бүгін Астанада Жаһандық кәсіпкерлік апталығының ашылуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов млім етті.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде кәсіпкерлікпен айналысушылар

саны жылдан жылға артып келеді. Ал кәсіпкерлік саласының ішкі жалпы өнімге кірісі 31 пайызға жуық. «Қазақстан Жаһандық кәсіпкерлік бастамасына алғаш рет кіріп отыр. Бұл әрине қуантарлық жаңалық. Өйткені Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту шарасы осы уақытта ерекше қарқын ала бастаған кез»,-деді комитет төрағасының орынбасары.

Әлемдік тәжірибеде экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың 65 пайыздан астамы кәсіпкерлікпен айналысатын болса, ол елдің экономикасы тұрақты болып келеді. «Бұл дегеніңіз кәсіпкерліктің экономиканың тиімді әрі ыңғайлы, жаңашыл бағыты екендігін білдіреді»,-дейді Қ.Әйтекенов.

Соңғы жаңалықтар