Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың қосымша 150-ден астам орталығы ашылады

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың қосымша 150-ден астам орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен семинар-кеңесте ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева айтты.
None
None
«Ертең біз «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына өзгерістерді қолдау бойынша Республикалық бюджеттік комиссияның отырысына барамыз. Онда 153 ауданда қосымша кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру шаралары ескерілген. Егер Республикалық бюджеттік комиссия оңтайлы шешім қабылдайтын болса, онда біз алдағы жылдан бастап «Даму» қорының көмегімен бұл орталықтарды құра бастаймыз», - деп нақтылап өтті ол. Ғ. Жолдыбаеваның сөзіне қарағанда, осы орталықтар ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Оның пайымынша, осы күнге дейін ақпараттық түсіндіру жұмыстары кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында «ақсап» келді.
Соңғы жаңалықтар