Қазақстанда кәсіпкерлікті тексерудің балама түрлерін енгізу жоспарлануда
Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңның қабылдануымен тексерулер нысандардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін енгізу негізінде жүргізілетін болады.
«2015 жылы тексеру жүргізудің баламалы түрлерін енгізу жоспарлануда», - деді ол.
Ә.Мәтішевтің сөзіне қарағанда, біріншіден, санитариялық-эпидемиологиялық аудитті - халықтың санэпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың тәуелсіз аудиті жүргізілмек. Екіншіден, өндірістік бақылау енгізу жоспарланып отыр.
Оның пайымынша, субъектілердің тексерулердің аталған баламалы түрлерін қабылдауы тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары тарапынан тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді. Осылайша, 2015 жылғы екінші жартыжылдыққа тексеру жүргізу кестесін құрғанға дейін бақылау субъектілерінде аталған ынталандыратын компоненттерді енгізу мүмкіндігі бар.