Қазақстанда қайырымдылық жасайтын бизнесмендердің тәуелсіз рейтингі жасалады

«Өкінішке қарай, бүгінде осындай статистика жоқ. Бізде бизнес тарапынан қайырымдылыққа қаржы бөлу, әлеуметтік инвестициялар бойынша статистика қарастырылмаған, жалпы бұндай есептілік жүргізілмей жатыр. Сондықтан да біз үшін әлеуметтік есептілікті енгізу өте маңызды және оны тәуелсіз консалтингтік компаниялар жүргізуі тиіс. Яғни, бұл тұрғыда Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тәуелсіз рейтингтері болады. Атап айтқанда, біз осы міндеттерді бүгінде шешуді бастадық», - деді Т. Доскенов.
Оның сөзіне қарағанда, бизнес ашық әрі корпоративтік жауапкершілік деңгейі айтарлықтай жоғары болуы үшін еліміздің бизнесінде экономикалық пайда бар. Осы орайда бизнес неғұрлым ашық болса, соғұрлым кәсіпкерлер қоғам мен адамдар үшін игі істерді көбірек жасап, әлеуметтік нысандардың құрылысын іске асырады. «Бұндай қадамдарды компанияға қатысты тәуелсіз рейтингтер растап жатса, онда инвестициялар да жақсы тартыла бастайды, яғни ісін ашық жүргізетін компанияларға шетелдік инвестициялардың қызығушылығы арта түседі», - деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде отандық бизнес өкілдері корпоративті-әлеуметтік жауапкершіліктің халықаралық ұстанымдарын белсенді түрде енгізуде. Онда еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау мен өздерінің қызметкерлері үшін жауапкершілік секілді басымдықтар қамтылып отыр.