Қазақстанда қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 738 теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда  күнкөрістің ең төмен деңгейінің көрсеткіші  қазан айында 25 мың 738 теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,4%-ға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикалық комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда  қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 738 теңгені құрады

Қазан айында күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың төменгі нормасымен есептей отырып адам басына шаққанда 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,6%-ға артқан, былтырғы жылдың осы айымен салыстырғанда 9,7%-ға арту байқалады.

Күнкөріс минимумының қалыптасуында өткен айда ет және балық өнімдерін тұтыну шығынының үлесі 19,6% құрады, сүт өнімдері, жеміс-жидектер - 15,8%, май өнімдері мен жұмыртқа - 14,9%, нан және жарма өнімдері - 7,5%, қант, шәй және дәмдеуіштер - 2,2%.