Қазақстанда қазір суармалы жер мен суғарылмайтын жердің кірісі бірдей болып отыр - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда қазір суғармалы жерден 200 млн. теңгенің өнімі ғана өндірілуде. Бұл бүгін Алматыда «азық-түлік белдеуі» мәселесіне арналған алқалы жиында айтылды.
None
None

«Бізде 1,5 млн. суармалы жер бар. Гектарға шаққанда суармалы жер мен суғарылмайтын жердің кірісі бірдей. Онда неге суғару жүйесіне қомақты қаржы жұмсаймыз. Бүкіл әлемде суғармалы жерден алынатын өнім көлемі суғарылмайтын жерден жоғары», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Оның айтуынша, жерді тиімді пайдалануда оң тәжірибелер де бар. Мәселен, Алматы облысында жүгеріден гектарына 150 центр өнім жинайтын қожалықтар бар. Ал еліміздегі орташа көрсеткіш - 113 центнер. Дегенмен бізде 50-60 центнер ғана алатын шаруашылықтар да бар. Өнімділіктің әр түрлі болуы барлық жағдайда жер тиімді пайдаланылып отырмағанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар