11:19, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстанда кез келген нормативтік актіні дайындауда ҮЕҰ-ның қатысуы міндетті - Б.Сағынтаев
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда кез келген нормативтік актіні дайындауда ҮЕҰ-ның қатысуы міндетті. Бұл туралы бүгін VI Азаматтық форум барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру, жасыл экономиканы дамыту, шекара маңы ынтымақтастығын дамыту сынды ұлттық жобаларды жүзеге асырудың іс жүзіндегі барлық кезеңдерінде ҮЕҰ русурстарын тарту маңызды фактор болып табылады», - деді ол.
Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы салалық бағдарламалардың көлемі тұрақты кеңею үстінде.