Қазақстанда кезекші сыныптарда коронавирус жұқтыру жағдайлары болды ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова мектептердегі кезекші сыныптарда балалар арасында індет жұқтыру жағдайы болмағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі мектептерде кезекші сыныптарда сабақ беріп жүрген мұғалімдер мен оқушылар арасында індеттің таралуы мүмкіндігіне қатысты сауал қойылды.

«Оқу жылы басталғалы мұғалімдер мен оқушылар арасында індеттің таралуы байқалмады. Екінші тоқсанда оқытудың қашықтан болуы мүмкіндігіне қатысты нақты айта алмаймыз. Бұл жайында оқу жылының екінші тоқсаны жақындаған кезде ғана шешеміз», - деді Р. Қожапова.

Осы орайда ол қазіргі кезде кезекші сыныптарға барып жүрген балалар арасын КВИ індетіне шалдығу тіркелмегенін жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына түсінік берді.

Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады.


Соңғы жаңалықтар
telegram