Қазақстанда кибершабуылдар кезінде интернет өшірілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – «Киберқауіпсіздік инциденттері анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Официально признать киберспорт предлагают в Кыргызстане
Фото: Freepik

Құжатты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әзірлеген. Ведомство мәліметінше, түзетулер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолданыстағы актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде енгізілген.

– Құжатта байланыс желілеріндегі киберқауіпсіздік оқыс оқиғаларын анықтау, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарының Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы, байланыс қызметтерін көрсетуді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оларды қалпына келтіру тәртібі айқындалады, – делінген жоба мәтінінде.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйлеп, ұйым аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынған еді.

Сонымен қатар биыл наурызда Қазақстанда деректер мен цифрлық инфрақұрылымды қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа ұлттық стандарттар бекітілді.

Еске сала кетейік, дербес деректер таралса, қылмыстық жауапкершілік және 5000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар