Қазақстанда киік ату шарасы қалай жүреді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді атуға рұқсат берілген аймақтарды атады, деп хабарлайды Kazinform.

киік
Фото: turkystan.kz

«Киіктердің популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеге сәйкес БҚО, Ақмола, Қостанай және Бетпақдала популяциясы үшін Қарағанды облысының аумағында киіктерді атуға рұқсат берілді», - делінген аталған министрліктің Kazinform агенттігі жолдаған сауалының жауабында.

Сондай-ақ ведомство қай жастағы киіктерді атуға болатынын түсіндірді.

«Биологиялық негіздемеге сәйкес, Орал және Бетпақдала популяциялары үшін 2023 жылға киіктерді ату 15%-дан аспауы керек. Оның ішінде ересек аналықтары 50%-дан аспауы тиіс, жас төлдерді ату (екі жыныс бойынша да) бойынша 35%-дан артық рұқсат берілмейді», - дейді Экология министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар