Қазақстанда кісі өліміне күдікті азамат Ресейде қолға түсті

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда кісі өліміне күдікті азамат Ресейде ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None
«Ресей Федерациясының Кемерово қаласында Қарағанды облыстық ІІД криминалды полиция қызметкерлері РФ Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2000 жылдың тамыз айында Қарағанды қаласында 44 жастағы жергілікті тұрғынның өліміне қатысы бар 29 жастағы ер адамды қолға түсірді. Қазіргі таңда күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар