Қазақстанда кісі өлтіру оқиғалары едәуір азайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі 2014 жылдың 3 айындағы қылмыстық ахуалы бойынша Қазақстанда кісі өлтіру оқиғалары едәуір азайған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Дегенмен, 2014 жылдың 3 айында еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға (77 073-тен 79 568-ге) өскен.

«Ауыр қылмыстар деңгейі - 19,9 пайызға (8 778-ден 7 028-ге), аса ауыр қылмыстар- 13,8 пайызға (651-ден 561-ге) төмендеген. Қылмыстың мынандай түрлері бойынша қылмыстылық өскен: ұрлық - 2,4 пайызға (44 811-ден 45 880-ге), бұзақылық - 5, 8 пайызға (5 545-тен 5 865-ке), алаяқтық - 21,9 пайызға ( 7 319-дан 8 922-ге) артқан. Қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігін (76 пайызын) құрайды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 0,7 пайызды (561), ауыр қылмыстар - 8,8 пайызды ( 7 028), ауырлығы орташа қылмыстар - 78,2 пайызды (62 239), ауыр емес қылмыстар 12,3 пайызды (9 740) құрады.

Бұл ретте еліміздегі криминогендік ахуал жалпы алғанда тұрақты деп айтуға болады, себебі аса ауыр қылмыстар дейгейі 13,8 пайызға (651-ден 561-ге) соның ішінде кісі өлтіру 21,1 пайызға (275-тен 217-ге) төмендеген.

Қылмыстың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды, тіркелген қылмыстардың өсуі - құқық қорғау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібін ретке келтіруден кейін орын алып отырған жәйт.

Соңғы жаңалықтар